KZ
Колледж Менеджмента Международного Туризма при КазУМОиМЯ имени Абылай хана
Приемная комиссия
+7 (727) 234-17-93
+7 (707) 256-35-51
+7 (727) 234-18-00

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Опубликовано в: KMMT 4 жыл бұрын 1290

20.04.2020-ғы № 5-11-2/1528-И шығыс хаты

20.04.2020-ғы № 2950 кіріс хаты

         Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                         город Нур-Султан                                                                                                               

 

 

 

 

 

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы
18 наурыздағы № 125 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Ресубликасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысының 2020 жылғы 12 наурыздағы хаттамасының 4-тармағының
1) тармақшасын және «Қазақстан Республикасында пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20-ПГВр қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191болып тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырдағы № 81 (1481) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидалары:

мынадай мазмұндағы 14-9 тармақпен толықтырылсын:

«14-9. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда тоқсанға бір  БЖБ, тоқсанның соңында ТЖБ өткізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 20-1 тармақпен толықтырылсын:

«20-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда БЖБ мен ТЖБ қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып ұйымдастырылады.»;

мынадай мазмұндағы 50-1 тармақпен толықтырылсын:

«50-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қорытынды аттестаттау ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде жүргізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 52-1 тармақпен толықтырылсын:

«52-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13110 болып тіркелген) Экстернат нысанында оқыту қағидаларына сәйкес білім алушы балалар қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып БЖБ нысанында қорытынды бітіру емтиханын тапсырады.»;

мынадай мазмұндағы 53-1 тармақпен толықтырылсын:

«53-1.Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда, растайтын құжаттарын ұсынған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып онлайн режимінде қорытынды бітіру емтихандары немесе мемлекеттік бітіру емтихандары ұйымдастырылады.»;

мынадай мазмұндағы 54-1 тармақпен толықтырылсын:

«54-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер 11 (12) сынып үшін қорытынды аттестаттаудан 10 сыныптағы жылдық бағасын ескере отырып оқыған елдегі ағымдағы бағаларының негізінде өтеді.».

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы                              тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

 

А. Аймагамбетов

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 20.04.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 20428 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство образования и науки РК - Директор Нурсейт Абсаттарович Байжанов, 14.04.2020 14:51:22, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Әділет Вице-министрі Наталья Виссарионовна Пан, 17.04.2020 10:18:26, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Білім және ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов, 17.04.2020 12:13:47, положительный результат проверки ЭЦП