KZ
Колледж Менеджмента Международного Туризма при КазУМОиМЯ имени Абылай хана
Приемная комиссия
+7 (727) 234-17-93
+7 (707) 256-35-51
+7 (727) 234-18-00

Приказ

Опубликовано в: KMMT 5 жыл бұрын 1160

№ исх: 123   от: 01.04.2020

 

Пандемия кезеңінде білім беру

ұйымдарында COVID-19 коронавирустық

инфекцияның таралуына жол бермеу

жөніндегі шараларды күшейту туралы                              

 

Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – коронавирустық инфекция) таралуының алдын алу үшін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы                               12 наурыздағы № 20 қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 16 наурыздағы № 1, 20 наурыздағы № 2 және 26 наурыздағы № 6 хаттамаларын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. Білім беру ұйымдарының (келісім бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары:

1) оқу-тәрбие қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдары, оның ішінде интернаттарда, жатақханаларда санитариялық-эпидемиологиялық және алдын алу іс-шараларын күшейту бойынша шаралар қабылдасын;

2) ағымдағы жылғы 13 наурыздан бұқаралық іс-шаралар (мерекелік, концерттік, мәдени, спорттық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізу және т. б.) өткізуге тыйым салсын;

3)  білім алушылардың және тәрбиеленушілердің халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуына тыйым салсын;

4) жұмыс барысында осы бұйрыққа қоса берілген Әдістемелік ұсынымдарды пайдалансын, бұл ретте білім беру қызметін көрсету туралы шарттарда, білім беру ұйымдарының жарғыларында және басқа да ішкі актілерінде бекіту мүмкіндігін, осы Әдістемелік ұсынымдарда көзделген білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қарастырсын;

5) осы бұйрықтың 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын ескере отырып, карантин жарияланған елді-мекендерді қоспағанда штаттық режимде мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін жүзеге асырcын, ата-аналардың (заңды өкілдердің) қалауы бойынша балалардың еркін бару режимін қамтамасыз етсін, коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде балалар болмаған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар орындарының сақталуын қамтамасыз етсін;

6) штаттық режимде жұмыс істейтін ұйымдарда, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық-эпидемиологиялық және алдын алу іс-шараларын күшейтсін және күн сайын мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың келуіне мониторинг жүргізсін;

7) орта білім беру ұйымдарында көктемгі демалыстың ұзақтығы - 21 күн (2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуірді қоса алғанда ) болып белгіленсін;

8) көктемгі демалыс уақытында, сонымен бірге қашықтан оқытуды ұйымдастыру кезінде  педагогтерге қашықтан (білім беру ұйымынан тыс) жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етсін;

9) орта білім беру ұйымдарында 1-11(12) сыныптарда, оның ішінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-да, халықаралық және жеке меншік орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, төртінші тоқсанның басынан 2020 жылғы 6 сәуірден бастап заңнамада белгіленген тәртіппен оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін (келісім бойынша);

10) мектепалды даярлық сыныптар, 1-9 сыныптар үшін сағат 08.30-дан, 10-11 сыныптар үшін сағат 14.00-ден дүйсенбіден жұманы қоса алғанда ұзақтығы  30 минутқа дейінгі аралықта  сабақ кестесін жасасын;

         11) 2020 жылғы 1 сәуірде 1-9 сыныптар үшін сағат 09.00-ден, 10-11 сыныптар үшін сағат 14.00-ден сынама сабақтар өткізсін;

12) 2020 жылғы 2 сәуірде сағат 10. 00-де мектепалды даярлық сыныптары мен 1-4 сыныптардың ата-аналары үшін, сағат 12.00-де 5-9 сыныптардың ата-аналары үшін, сағат 14.00-де 10-11 сыныптардың ата-аналары үшін «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі?» тақырыбында қашықтықтан ата-аналар жиналысын өткізсін;

13) 2020 жылғы 3 сәуірде сағат 10. 00-де мектепалды даярлық сыныптары мен 1-4 сыныптар үшін, сағат 12.00-де 5-9 сыныптар үшін, сағат 14.00-де                10-11 сыныптар үшін «Мен қашықтықтан қалай оқимын?», «Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?» тақырыптарына қашықтықтан сынып сағаттарын өткізсін;

14) педагогтерден қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша артық есеп талап етпесін, шығармашылық жұмыс жасауға мүмкіндік жасасын, онлайн-сабақтар өткізуді азайтып, оқытудың басқа технологияларын пайдалануды қарастырсын;

15) жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің келісімі бойынша, коронавирустық инфекция тіркелмеген елді мекендерде, сондай-ақ қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қарай, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік, ауысым, дезинфекция, кварцтеу, желдету режимі, бір мезетте адамдардың көп шоғырлануын болдырмау шаралары сақталған жағдайда, төртінші тоқсаннан бастап оқу процесін күндізгі нысанда жалғастыруға мүмкін болатын шалғайдағы ауылдық елді мекендерде орналасқан орта білім беру ұйымдарының тізбесін бекітcін;

16) заңнамада белгіленген тәртіппен қашықтықтан білім беру технологиясы кезінде білім беру процесіне қатысушылар үшін жағдай жасау (білім беру ұйымдарының балансынан педагогтер мен ата-аналардың материалдық жауапкершілігіне беру, сондай-ақ компьютерлерді, ноутбуктар, планшеттерді сатып алу, флеш-карталар, мобильді қосымшалар және басқа да құралдар арқылы жеткілікті жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету) бойынша қажетті шаралар қабылдасын, бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ерекше назар аударсын;

17)  мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану кезінде заңнамаға және Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес бірыңғай бағдарламалар мен тәсілдерді қамтамасыз етсін;

18) қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша білім алушылар, ата-аналар, жұртшылық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтсін;

19) 1 дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына, гимназияларға, лицейлерге түсу үшін түсу емтихандарын өткізуді тоқтата тұрсын және кешірек мерзімге ауыстырсын;

20) қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын 2020 жылғы 6 сәуірден бастап қашықтықтан оқыту режимінде тиісті жағдай болған жағдайда жұмыс берушінің актісін қабылдай отырып, жұмыс бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тәртіппен жалғастырсын;

21) жергілікті атқарушы органдардың шешімі және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің келісімі бойынша, сондай-ақ қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қарай, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған және ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін штаттық режимде жалғастырсын, бұл ретте қатаң санитарлық-эпидемиялық талаптар сақталу кажет.

22) 2020 жылғы 16 наурыздан бастап жалпы білім беретін және басқа да ұйымдар жанындағы кешкі мектептерде, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқыту процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;

23) осы бұйрықтың 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын ескере отырып, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін  штаттық режимде жүргізсін және сыртқы байланыстарды толық  шектейтін карантин белгіленсін;

24) кеңестер, отырыстар, кездесулер өткізуді азайтсын немесе селекторлық режимде өткізсін;

25) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, «Талап»  КеАҚ-пен бірлесіп қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, педагогтер мен оқытушылар үшін онлайн форматта курстар әзірлесін және өткізсін;

26) қашықтықтан оқыту жүйесін енгізу бойынша жұмыстарды жалпы үйлестіру жұмысын «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚМ-ге, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әдістемелік кабинеттері мен әдістемелік орталықтарына жүктесін;

27) қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқытуды сапалы ұйымдастыру және қамтамасыз ету басқарма басшыларының орынбасарларына, білім бөлімі басшыларына, мектеп директорларына жүктесін;

28) жұмыс берушінің тиісті актісін қабылдай отырып, келесі қызметкерлер тобын анықтау мүмкіндігін қарастырсын:

білім беру ұйымдарының тыныс-тіршілігін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер (әкімшілік-қосалқы, техникалық персонал);

 қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде білім беру процесін және сабақтарға қатысу мониторингін қамтамасыз ету бойынша еңбек функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлер (оның ішінде оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын барлық пәндер педагогтері, кеңес беру, онлайн мастер-кластар, ойындар мен т.б. түрінде психологиялық көмек көрсететін психологтардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұйымдастырылуына мониторингті жүзеге асыратын, қашықтық режимде мектепішілік конкурстарға білім алушылардың қатысуын, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан білім алушылармен, девиантты мінез-құлықты балалармен, жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік педагогтер, тәлімгерлер, қосымша білім беру педагогтері, онлайн кітапханалардың жұмысын, ұсынылатын басылымдар бойынша жұмысты, кітаптарды оқу мониторингісін және басқа да қашықтық жұмысты жүзеге асыратын кітапханашылар, жеке онлайн-консультацияларды жүзеге асыратын дефектологтар/логопедтер, зертханалық және практикалық, сонымен қатар басқа да функцияларды және т.с.с. жұмыстарды қашықтық режимде өткізуді және орындалуын тексеруді жүзеге асыратын физика, химия, биология, информатика кабинеттерінің, лингафондық-мультимедиалық кабинеттердің зертханашылары, сондай-ақ әрі қарай және басқа да функцияларды қарастыру);

жеке кесте бойынша еңбек демалысына жіберілетін қызметкерлер (тәрбиешілер, әдіскерлер, мектепке дейінгі ұйымдардың басқа да қызметкерлері, педагогтер және қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқытуға тартылмаған қосымша білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері, педагогтер және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар-дың, білім беру жүйесінің оңалту орталықтарының басқа да қызметкерлері, жұмыс беруші айқындайтын білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері);

29) Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, оқу бағдарламарын, үлгілік оқу жоспарларын орындауды қамтамасыз етсін, сағаттарды қысқартуға жол бермесін, бекітілген штаттық кестеге (тарификациялық тізімге) сәйкес педагогтердің еңбек ақысын төлеуді  қамтамасыз етсін;

30) коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде білім беру қызметімен айналысуға, айырбастауға, қайта ресімдеуге, жаңа лицензия алуға өтініш беруді тоқтатсын.

2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары (келісім бойынша):

1) студенттердің ішкі және сыртқы ұтқырлығын тоқтатсын;

2) қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру мүмкін болмайтын пәндер мен модульдерді неғұрлым кеш уақытқа көшірсін;

3) студенттерге стипендияларды уақтылы төлеуді қамтамасыз етсін;

4) қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің қатысуы мен оқуын бақылауды қамтамасыз етсін;

5) жатақханаларда карантин шартын қамтамасыз етсін;

6) қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша оқытушылар үшін оқыту курстарын онлайн форматта ұйымдастырсын;

7) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы және қорытынды бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды онлайн режимінде өткізу үшін, білім алушыға мүмкіндік беретін онлайн проекторинг технологиясын қолдануды, білім алушының экраны мен мінез-құлқын қадағалауға, сондай-ақ бүкіл емтиханды бейне жазбаға жазуды қамтамасыз етсін;

8) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары  өз беттерінше айқындайтын тәртіпке сәйкес дипломдық (курстық) жұмыстарды (жобаларды), оның ішінде магистрлік диссертацияларды (жобаларды) онлайн режимінде қорғауды жүргізсін;

9) қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде оқытуды ұйымдастыру мониторингісін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне «бақылаушы» деңгейіндегі тиісті логиндер мен парольдерді заңнамада белгіленген тәртіппен берсін.

10) 2020 жылғы 6 сәуірден бастап қашықтықтан оқытудың күнделікті басталу уақытын сағат 14.00 -ден ұйымдастырсын.

3. Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті
(М.Т. Мелдебекова):

1) «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚМ-мен бірлесіп  (Ж.О. Жылбаев):

пәндер тізбесін, оқу бағдарламаларына сәйкес оқу жүктемесінің көлемін, оқу материалының мазмұнын, қосымша материалдарды, телевизиялық сабақтарға арналған сандық білім беру ресурстарын анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;

телевизиялық сабақтардың тұжырымдамасын әзірлесін;

білім беру процесінің әрбір қатысушысы үшін қадамдық әдістемелік нұсқаулық әзірлесін;

телевизиялық сабақтардың кестесін құрсын;

2) мүдделі ұйымдармен бірлесіп, жалпы пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының ІV кезеңін, «Мың бала» ауыл мектептері үшін ұлттық зияткерлік олимпиадасын өткізуді  заңнамада белгіленген тәртіппен ауыстырсын.

4. Білім беруді цифрлық трансформациялау департаменті
(Қ.О. Кенбай) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының  білім басқармаларымен бірлесіп (келісім бойынша):

2020 жылғы 1 сәуірге дейін сандық платформаларды айқындасын және қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде орта білім беру ұйымдарының жұмысын қамтамасыз  етсін;

қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқытуды ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді жедел шешу үшін Министрлік жанынан, сондай-ақ білім басқармалары жанынан Жобалау кеңсесін құрсын, бұл ретте тиісті бұйрықпен осы мәселе бойынша жауапты басшы орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлғаны тағайындасын.

5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық департаменттері:

1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізуді тоқтатсын;

2) 2019-2020 оқу жылында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізуді тоқтатсын;

3) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуға көшудің мониторингін (бұдан әрі - мониторинг) жүргізсін;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде оқытуды ұйымдастыру мониторингін жүзеге асыру үшін «бақылаушы»  деңгейінде тиісті логиндер мен парольдерді талап етсін;

5) мониторингтің аралық нәтижесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне апта сайын ұсынсын.

6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары осы бұйрықтан және қоса беріліп отырған әдістемелік ұсынымдардан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

7. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ (келісім бойынша),                         «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК, «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК, «Республикалық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы» РМҚК, «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМКМ, «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМКМ, «Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ММ және басқа да ұйымдар (келісім бойынша) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын онлайн форматта өткізуді жалғастырсын, қалған бағдарламаларды 2020 жылдың екінші жартыжылдығына ауыстырсын.

8. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы балаларды қабылдауды тоқтатсын.

9. Бұйрыққа қоса беріліп отырған:

 Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар                (1-қосымша);

Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар                 (2-қосымша);

Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (3-қосымша); 

Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (4-қосымша);

10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрлеріне жүктелсін.

11. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр                                                                         А. Аймағамбетов

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы «__» ___________

№ ___ бұйрығына

1-қосымша

 

 

Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында техникалық және кәсіптік, орта білімнен

кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру

жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

 

 

1. Жалпы ереже

 

1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (бұдан
әрі – ТжКБ) ұйымының басшысы пандемия кезеңінде оқу процесін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша білім алушыларды, педагогтерді, басқа да қызметкерлерді, білім алушылардың ата-аналарынжәне өзге де заңды өкілдерін, оның ішінде қолжетімді байланыс түрлері, білім беру ұйымының интернет-ресурстары арқылы ақпараттандыруды қамтамасыз етеді.

2. ТжКБ ұйымының басшысы білім алушылардың, педагогтердің және басқа да қызметкерлердің санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнінде білім беру процесін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды, қабылданған шаралар туралы жоғары тұрған басқару органына және барлық білім беру процесіне қатысушыларға дереу хабарлайды.

3. ТжКБ ұйымының басшысы білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияларға қайта ресімдеуге, лицензияға жаңа қосымшаларды алуға, коронавирустық инфекцияның пандемиясы кезеңінде әрекет ету кезеңіне конвертацияға өтініш беруді тоқтата тұрады.

4. ТжКБ ұйымының әкімшілігі:

білім беру процесінің барлық қатысушыларымен әрқайсысының денсаулықты сақтау, сақтық шаралары үшін жауапкершіліктері туралы;

білім алушылармен, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, жеке және (немесе) топтық жұмысты ұйымдастыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

5. ТжКБ ұйымының әкімшілігі білім беруді басқарудың жоғары тұрған органымен, басқа да мемлекеттік органдармен оқу процесін ұйымдастыру және басқа мәселелер бойынша күнделікті байланысты жүзеге асырады.

 

 

2. ТжКБ ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі

6. Оқу процесін ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, оқу жұмыс жоспарына, оқу бағдарламаларына, сабақ кестесіне және графигіне сәйкес жүзеге асырылады.

7. ТжКБ ұйымы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып оқытуды жүргізеді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес оқу бағдарламаларын іске асырады.

Қажет болған жағдайда оқу процесінің кестесіне, оқу бағдарламаларының мазмұнын оқытудың икемді ұйымдастыру нысанын құру қажеттілігінен туындаған түзетулер енгізіледі.

8. Білім беру процесінің қатысушыларына:

1) электрондық платформаларға және түрлі электрондық дереккөздерге қолжетімділік беріледі;

2) «EL ARNA», «balapan» каналдарындағы телекоммуникациялық желілер арқылы қазақ және орыс тілдерінде трансляция ұсынылады;

3) оқу материалдарының сілтемелері білім алушының мекенжайына жақын орналасқан Қазпошта бөліміне жолданады.

9. Қашықтықтан білім беру технологияларын (бұдан әрі – ҚБТ) қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастыру үшін білім беру ұйымында:

білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және ұйымдастыру-әкімшілендіру ақпараттарынан тұратын парақтары бар білім беру порталы және/немесе ақпараттық жүйе;

интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін коммуникативтік байланыс арналары, құралдар;

сандық білім беру ресурстары;

оқытуды оқу контентін немесе сервисті желілік басқару жүйесі;

сынақ кешендері;

тиісті даярлықтан өткен педагогтер болуы қажет.

10. ТжКБ ұйымдары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес білім сапасын қамтамасыз ететін кез келген оқыту технологияларын қолдануға құқылы.

11. Оқу сабақтарының басталуына дейін білім беру ұйымы қашықтықтан оқыту жүйесі мен технологияларымен таныстыруды жүргізеді.

12. ТжКБ  ұйымы білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып, білім алушыларға әдістемелік көмек көрсетеді.

13. Консультациялар жеке және топ нысаны арқылы жүзеге асырылады.

Әрекеттесу электрондық пошта арқылы хат алмасу, хабарлама жіберу немесе телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып бейне, телевизиялық хабарлар арқылы жүзеге асырылады.

14. ҚБT қолдану арқылы оқыту формалары: бейнедәріс, дәріс, мультимедиалық дәріс; телевизиялық дәріс, білім алушылардың электрондық оқу басылымдарындағы (электрондық оқулықтар, мультимедиалық оқу бағдарламалары, тренажерлер, ақпараттық-анықтамалық жүйелер, жобалық жұмыстар) өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдеу); компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар және электрондық пошталар арқылы кеңес береді.

15. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау оқу жұмыс жоспары мен оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚБТ бойынша білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау:

автоматтандырылған тестілеу жүйелері;

жазбаша жеке тапсырмаларды тексеру арқылы жүргізіледі.

ҚБT қолдана отырып, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау түрлі оқу жұмыстары түрінде (тестер, практикалық тапсырмалар және т.б.) ұсынылуы мүмкін. Бұл жағдайда оқу жұмысының түрін педагог анықтайды.

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау тапсырмаларының күрделілік деңгейі өткен материалға сәйкес келуі және білім алушыларға қолжетімді болуы қажет.

Аралық аттестаттауға арналған тестілік тапсырмаларды әзірлеуге пәнді (модульді) жүргізетін педагог жауапты болып табылады.

16. Оқу процесін басқару үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құжат айналымының автоматтандырылған жүйесін қамтамасыз ететін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыздандыру, электронды білім банктері және интерактивті мультимедиалық оқыту құралдары, электрондық оқу-әдістемелік кешендер қолданылады.

17. Білім алушыларды ҚБT қолдану арқылы оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін пәндер (модульдер)  бойынша бекітілген оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес электрондық оқу-әдістемелік кешендер болуы қажет.

18. Әр пәннің (оқу модулінің) электрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша жинақтарды қамтиды.

Міндетті жиынтық:

оқу жұмыс бағдарламасынан, ұсынылатын әдебиеттер тізімінен;

дәрістердің электронды курсынан;

практикалық сабақтың материалдарынан;

білім алушының өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан;

бақылау материалдарынан (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар және басқалар) тұруы тиіс.

Қосымша жиынтықта курстық жұмыстарға арналған нұсқаулық; оқу сипатындағы компьютерлік бағдарламалар: тренажерлер, анықтамалық-әдістемелік материалдар, пәннің (модульдің) оқу материалын игеруге көмектесетін оқу және оқу-әдістемелік құралдарды орындаудың мультимедиалық нұсқалары, басқа да материалдар қамтылуы мүмкін. Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету өзіндік жұмыс және білім алушылардың аттестаттауға дайындығы үшін жеткілікті болуы тиіс.

Оқу-әдістемелік материалдар тегін беріледі.

19.  Мамандықтардың ерекшелігіне байланысты практиканы нақты  өндірістік жағдайлардан бейнематериалдармен және практикалық тапсырмалармен онлайн форматта сабақтарды ұйымдастыру немесе тестілік тапсырмаларды офлайн орындау арқылы қашықтықтан өткізуге рұқсат етіледі.

Практикадан өту теориялық тапсырмаларға ауыстырылған жағдайда педагогтің тарификациясына өзгерістер енгізуге болады.

Бітіруші топтардың кәсіптік практикасын бағалау кезінде оқу, өндірістік және диплом алдындағы практикалардың (болған жағдайда), сондай-ақ өндірістік оқыту, зертханалық-практикалық сабақтардың қорытындылары есепке алынады.

20. ТжКБ ұйымдарының білім алушыларына мемлекеттік стипендия «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес ай сайын төленеді.

21. ТжКБ ұйымдарының студенттік жатақханаларында карантин режимі енгізіледі.

22. Халықаралық аккредиттеу процесін онлайн-режимде аяқтайтын ұйымдарды қоспағанда, ТжКБ ұйымдарында халықаралық аккредиттеу рәсімдерінің сыртқы аудитін өткізу тоқтатылады.

 

 

3. ТжКБ ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қызметі

 

23. ТжКБ ұйымдарының басшысы:

білім беру ұйымының жұмыс жоспарын, сабақ кестесін бекітеді;

оқу процесін ұйымдастыру үшін жағдайлар, оның ішінде техникалық жағдай жасайды;

оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға тұрақты мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;

педагогтермен, білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) кері байланысты жүзеге асырады;

ұйымның педагогтерінің және басқа қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады;

жұмыс сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдайды;

қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу бойынша педагогтерді даярлауды ұйымдастырады;

білім алушылардың білім беру ұйымының электрондық кітапханаларына қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

білім беру процесіне қатысушылардың қызметін бақылайды, педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

ҚБТ қолдану арқылы білім беру процесін ұйымдастыруға жауаптыны (басшының орынбасарын) тағайындайды.

24. Басшының орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, әдіскерлер:

жоспарлауды және ҚБT қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастыру мен үйлестіруді жүзеге асырады;

ҚБT қолдану арқылы оқытуға арналған ақпараттық ресурстарды қолдану бойынша нұсқаулықтар әзірлейді;

мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес ҚБТ ерекшеліктерін ескеретін оқу жұмыс жоспарларын құрады;

ҚБT қолдану арқылы оқу процесі мәселелері бойынша кеңес береді, ЭОӘК құруға әдістемелік және техникалық көмек көрсетеді;

білім беру ресурстарын үнемі жаңартып, жүйелеуді қамтамасыз етеді;

білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеруіне бағытталған іс- шараларды әзірлеуді ұйымдастырады;

оқу материалдарын, оның ішінде электрондық оқу-әдістемелік кешендерді, электрондық білім беру ресурстарын қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

оқу жоспарымен белгіленген сағаттардың жалпы көлемін сақтай отырып, оқу және лабораториялық және басқа жабдықтармен жұмыс істеуді қажет ететін сабақтарды уақыттың басқа кезеңіне ауыстыруды ескере отырып, интернет-ресурстарға орналастырылатын оқу кестесі мен оқыту графигін құрады;

15 минуттан аспайтындай нақты уақыт кезіндегі сабақ ұзақтығын анықтайды;

педагогтермен бірге білім алушылардың оқу қызметін ұйымдастыруды: оқытудың әдістері мен тәсілдері, білім алушылардың тапсырмаларды алу және олардың орындалған жұмыстарды ұсыну мерзімдерін анықтайды;

оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларына (педагогтерге, білім алушыларға, білім алушылардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне), өзге де қызметкерлерге) жұмысты ұйымдастыру және оқыту нәтижелері туралы хабарлауды жүзеге асырады;

телекоммуникациялық құралдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру барысында әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады;

бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес педагогтердің қызметін және олармен кері байланысты ұйымдастырады;

оқу-тәрбие процесін және білімді ағымдағы бақылау мен қорытынды аттестаттауды өткізу барысын бақылайды;

оқу процесін ұйымдастыруды электрондық журналдар жүйесі арқылы жүзеге асырады;

оқу-тәрбие процесіне қатысушылармен кері байланыс жасайды;

педагогтердің оқу жүктемесін орындау бойынша жұмысты үйлестіреді;

ҚБT қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру туралы есеп беру ақпаратын дайындайды.

25. Педагогтер:

сыртқы интернет-сайттарда орналасқан ақпараттық объектілердің мүмкіндігін (электронды кітапханалар мен сөздіктер, тақырыптық сайттарға мамандандырылған ақпараттық ресурстар, білім беру порталдарында орналастырылған ақпарат және т.б.) тарту арқылы күнтізбелік-тақырыптық (қысқа мерзімді, орта мерзімді) жоспарларды түзетеді;

веб-сайттар, электрондық кітапханалар және т.б. сілтемелерді қолдана отырып, оқу материалдарын құрылымдауды және сабақ жоспарлауды уақтылы түзетуді жүзеге асырады;

оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі басшының орынбасарымен жүргізілетін жұмыс түрлерін келіседі;

электронды түрдегі қажетті оқу-әдістемелік материалдары бар электрондық оқу-әдістемелік кешендер әзірлейді;

білімді бақылау құралдарын әзірлейді;

білім алушыларға әр тақырып бойынша жұмыс уақытын, орындау мерзімдерін көрсете отырып, тиісті бөлімдерді әзірлеудің тақырыптық кестесін жасайды және таратады;

білім алушылармен кеңестер жүргізеді;

жұмыстың оңтайлы және әртүрлі түрлерін (бейнесабақтар, өзіндік  жұмыс, электрондық журнал, курстар чат-сабақтар, веб-сабақтар және басқа да қажетті құралдар) қолдана алады;

қолданылатын жұмыс түрлері, онлайн сабақтардың нысандары мен мерзімдері, офлайн сабақтарға қатысу, үй тапсырмаларын орындау мерзімдері туралы ақпаратты білім алушылардың, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) назарына уақтылы жеткізеді;

оқу материалдарын қажет болған жағдайда білім алушының мекенжайына жақын Қазпошта бөліміне жібереді (білім алушы орындалған тапсырмаларды колледжге қайта жібереді);

білім алушымен телефон арқылы жедел байланыс орнатады;

бекітілген оқу кестесіне сәйкес, оның ішінде өзіндік жұмысқа бақылау жүргізу бойынша сабақтар өткізеді;

білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға жеке консультациялар беру жұмыстарын жүргізеді;

оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылайды;

оқу-әдістемелік ресурстардың тұрақты жаңартылуын қамтамасыз етеді;

жүргізілген жұмыс және оның нәтижелері туралы әкімшілікті хабардар етеді;

білім алушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижелерін әр пән немесе модуль үшін берілген бағалау өлшемшарттарына сәйкес бағалайды;

оқу процесінде ҚБТ қолдану бойынша біліктілікті арттырудан өтеді;

қашықтықтан оқытумен байланысты құжаттаманы жүргізеді;

оқу жүктемесін орындайды.

26. Топ жетекшілерінің қызметін атқаратын педагогтер:

ата-аналарды (заңды өкілдерді) жұмыс тәртібі туралы, кестелердің өзгерістері туралы, оқу процесін ұйымдастыру туралы, білім алушылардың оқу іс-әрекетінің барысы мен қорытындылары туралы, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзіндік жұмысы жағдайында хабардар етеді;

білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдермен) байланыс жасайды.

27. Білім алушылар:

педагогтермен күнделікті байланыста болады;

қол жетімді байланыс құралдары арқылы сабақ кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады;

күн сайын білім алушы кабинетіне (бар болса), электронды поштаға және өз бетінше зерделеу үшін оқу материалын алу үшін басқа да байланыс жүйелері мен технологияларын қолданады;

күн сайын білім беру ұйымы белгілеген қол жетімді байланыс құралдары арқылы тапсырмаларды өз бетінше орындайды;

орындалған тапсырмаларды педагогке қол жетімді байланыс құралдары (электрондық пошта, Aitu чат, WhatsApp чаттар және т. б.) арқылы уақтылы жібереді;

оқу тапсырмаларын орындау кезінде академиялық адалдық қағидаларын және өзін-өзі бақылау қағидаттарын сақтайды;

қол жетімді электрондық ресурстарды пайдаланады.

28. Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):

жұмыс кестесімен, сабақ кестесімен, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесімен танысады;

білім алушылардың тапсырмаларды орындауын бақылауды жүзеге асырады;

педагогтермен, топ басшыларымен байланыста болады;

оқу үшін жағдай жасайды;

санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, білім алушының денсаулығы үшін қажетті жағдайлар жасау және олардың жұқпалы ауруларға шалдығуының алдын алу бойынша шаралар қабылдайды.

29. ҚБТ жауапты қызметкер:

ҚБТ қолданумен жүргізілетін оқыту процесі қатысушыларына арналған нұсқаулықтар мен ұсынымдарды әзірлеу бойынша платформалар/ААЖ әкімшіліктерімен өзара әрекетті іске асырады;

ҚБТ қолданумен оқыту процесін ұйымдастыруға студенттер мен оқытушылардың даярлығын анықтау бойынша мониторинг жүргізеді;

техникалық жағдайларды жасау (серверлерді дайындау, бағдарламалы?