RU
Абылай хан атындағы ХҚ және ӘТУ жанындағы Халықаралық Туризмнің Менеджмент колледжі
Қабылдау комиссиясы
+7 (727) 234-17-93
+7 (707) 256-35-51
+7 (727) 234-18-00

Бизнес жоба «Enactus Kaz Fest» 2019

Жариялаған: КММТ 5 жыл бұрын 3027

«ENACTUS KAZ FEST» Инновациялық идеялардың фестиваль-көрмесі
Біздің колледждің студенттерінен құралған Enactus құрамасының жобасы 2019 жылдың 7-8 қараша күндері Алматы қаласында Enactus Kazakhstan Ұлттық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен «ENACTUS KAZ FEST» Инновациялық идеялардың фестиваль-көрмесінде «Инновационная идея с лучшей презентацией» номинациясы бойынша жүлдегер атанды. Көрмеде колледжіміздің  студенттері ойлап тапқан Авто тұрағы көпшілік назарына ұсынылды. Бұл Авто тұрақ қазіргі заманғы  дағдыларды машықтандыруға арналған мобильді және ыңғайлы тұрағы түрағы. Студенттердің өнертабысы көрмеге қатысушылардың қызығушылығына ие болды және университеттермен серіктестіктер орнатылды.
EnactusKazFest — бұл инновациялық идеялардың дамуына үлес қосатын жастар мен бизнес-тәлімгерлердің ынтымақтастық алаңы. Мақсаттары:
— Кәсіпкерлік ойлау қабілетi мен дағдыларды популяризациялау және дамыту.
— кәсіпкерлік белсенділіктің дамуына жәрдемдесу.
— Жастарды инновациялар арқылы қала, бизнес және қоғам мәселелерін шешуге шақыру.
— Жастардың жетілуі үшін жағдай жасауды көздейді.
Студенттеріміздің Enactus Kazakhstan Ұлттық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткізілетін іс-шараларға деген қызығушылығы арта түсті. Колледжіміздің Enactus құрамасын жеңісімен құттықтай отырып, алдағы ұлттық кубокте сәттіліктер тілейміз.