Халықаралық Туризмнің Менеджмент лицей-колледжі Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ жанынан 1999 жылы ашылды.
Оқу орнында 300ден астам студенттер 3 мамандық бойынша: «Менеджмент» (сала бойынша), «Есеп және аудит» (сала бойынша), «Ақпараттық жүйелер» (қолдану жүйелері бойынша) білім алып жатыр.
ХТМ лицей-колледжінің қазіргі заманға сай қажетті мамандықтардың ішіндегі экономиканың әртүрлі саласында орта буынды қызметкерлерін дайындау, соның ішінде туристік салада, техникалық кәсіби білім беруді дамытуда оның сапасын көтеруде, сонымен қатар біліктілігі мен компетенттігі жоғары деңгейдегі жас мамандармен қамтамасыз етуге, оның бәсекеге лайықты қабілеттілігіне байланысты ашылған.
ХТМ лицей-колледжі үздіксіз білім беруді; лицей, колледж, университет жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Оқу орнында 20 штаттағы және 9 қосымша жұмыс жасайтын мұғалімдер дәріс береді, оның жартысы жоғары және бірінші санатты, олардың ішінде «Білім берудің үздігі», «Қазақстан Республикасының білім берудің құрметті қызметкері» атағының иегерлері бар.
Ұжымның күшімен улкен оқу педагогикалық, ғылыми әдістемелік және тәрбие жұмыстары өткізіледі. Тәрбие жұмысының жоспарына Конституция күні, Тәуелсіздік күніне, ҚР мемлекеттік рәміздеріне, ҚР халықтарының бірлігі күніне, Жеңіс күніне арналған іс-шаралар енгізіледі. Отаншылдық, Қазақстандық патриотизм сезімдерін қалыптастыру мақсатымен барлық салтанатты іс-шаралар ҚР мемлекеттік ән-ұранымен басталады. Жыл сайын әскери-патриоттық тәрбие айлығы ҰОС және еңбек ардагерлерімен, ауған-интернационалистерімен өткізіледі. Оқу-тәрбие жұмысын жақсарту мақсатында оқушыларғ, мұғалімдер арасында саунамалар, мониторингтер жүргізіледі.
Колледже салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді: «АсетКазахстан» қоғамдық қорымен, қалалық наркологиялық, дәрілік-ақпараттық орталықтарымен оқушылармен зиянды әдептердің жаман жақтары туралы әңгімелер өткізіледі.
ХТМ ЛК педагогикалық ұйымы алдарына жас мамандарын оқытумен дайындаудың деңгейін көтеруді, өз білімін үнемі жетілдіруді мақсат етіп қояды.
ХТМ ЛК қазіргі уақытта Алматы қаласының білім беру мекемелері арасында өз орнын тауып, жақсы бір оқу орындарының біріне айналды.
Колледж жақсы көрсеткіштері үшін Алматы қаласы колледждері ассоциациасының, Халықаралық туризм академиясының Мақтау қағаздарын, туристік мекемелердің, қонақ үй комплекстерінің, Анталиядағы І Халықаралық туризмнің жастар фестивалінің Алғыс хаттарын, Қазақстанның халықаралық көрмесінің, Алматы қаласы мен Алматы облысының колледждері арасында өткен «Қазақстан мен Түркі халықтарының достығы» колледжаралық жарыстарға қатысқаны үшін дипломдар, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ колледжаралық спартакиадасының кубогын алды.
Осының бәрі ХТМ ЛК мақсатты және сапалы жұмыс істейтін куәландырады.
Tweet