Иванова Людмила Георгиевна өзінің еңбек қызметін 1964 жылы бастап, комсомол-партия мүшесінде жұмыс істеген. Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігінде 1991 жылдан 1999 жылға дейін туризм дамыту бөлімшесінде орынбасар болып, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетінде туризм кафедрасында арнайы пәндер оқытушысы болып қызмет атқарды.
2000 жылдың қыркүйек айынан бастап Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетінің жанындағы Халықаралық туризмнің менеджмент колледжіне директор болып бекітілді.
Осы педагогтық еңбек жылдарында Иванова Л.Г. өзін өте жоғарғы жауапкершілікпен, кәсіби оқытушы ретінде көрсетті.
Оқытушылардың, ата-аналардың, колледж білім алушыларының және университет студенттерінің үлкен сеніміне иеленген.
Л.Г.Иванованың басшылығымен осы уақытқа дейін колледж педагогикалық ұжымы оқу-тәрбие үрдісінде үлкен жетістіктерге жетті.
Оқу орны мамандандырылған оқу орыны ретінде туризм саласының кәсіби мамандарын даярлады. 2000 жылдан бері 3 мамандық бойынша мыңға жуық орта буынды түлек даярлап шығарды. Мына мамандықтар бойынша: 0515000 – «Менеджмент» (салалар бойынша), 0518000 – «Есеп және аудит» (салалар бойынша), 1305000 – «Ақпараттық жүйе» (аймақтық қолдануы бойынша).
Колледжде үнемі қалааралық олимпиадаларға жалпы білім беру пәндерінен қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Сонымен қатар қалааралық «Мен кәсіпкермін» атты іскери экономикалық ойынға қатысып екі рет жүлделі орындарды иеленді.
Иванова Л.Г. колледждің материалды-техникалық базасына көп көңіл бөлді. Колледждің жақсы көрсеткіштері үшін, Республикалық жекеменшік білім беру ұйымдары ассоциациясының мақтау қағаздарымен марапатталған, Алматы қаласының қалалық колледждер ассосоциясының, Халықаралық қауымдастық туризм академиясының, қонақ үй кешендерінің, туристік ұйымдардың жетекшілерінен алғыс хаттары беріліп, марапатталған.
Колледж ұжымының сапалы көрсеткіштері мен алға қойылған мақсаттарының жетістіктері Иванова Л.Г. жетекшілігімен жасалған.
Иванова Л.Г. білім берудегі жаңа қызметті қарастырып, халықаралық серіктестік қатынастар орнатып, білім берудегі менеджментті пайдалана отырып, халықаралық серіктестермен келісім шарт орнатты.
Иванова Л.Г. оқу құралдарының екiншi авторымен «English for tourizm» (2010 г.), оқу құралы, «Управление современным инновационным процессом в учебных заведениях» (2012 г.) мақаланың авторы, «Қазтур» халықаралық бағдарламаға қатысып, «Шелковый путь» жобасымен Испанияға (Пальма-де-Майорка қаласы, 1998 г.). осы жобаға барып қатысқан.
2004 жылы Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастығының мүшесі, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетінде 1996 жылдан бастап арнайы пәндер оқытыушысы, Халықаралық туризмнің менеджмент кафедрасында жас оқытушылардың жетекшісі болып қызмет атқарды.
Өзінің біліктілігін үнемі жетілдіруді: 2007 жылы ОҒӘО білім беру аймағындағы еңбекті қорғаудағы қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру жүйесінде біліктілікті даярлау курсынан өткен. 2011 жылы «Актуальные методы управления в учебных заведениях» семинар-тренингке қатысқан, «Применение здоровье - развивающих педагогических технологий в учебно-воспитательном процессе», 2012 жылы – «Модернизация техническо-профессионального образования».
Көп жылдық еңбегіне 2012 жылы Қазақстан Республикасы Алматы қаласы білім беру басқармасы Иванова Л.Г. мақтау қағаздарымен марапатталған. Сонымен қатар 2011, 2012 жылдары Жекеменшік білім беру мекемелерінің Республикандық ассоциациясы, 2010 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университеті, 2004 жылы Халықаралық қауымдастық туризм академиясы, 2004 жылы Республикалық Отан саяси партиясы, Алматы қаласының қонақ үй кешендері мен туристік ұйымдардың жетекшіліерінің алғыс хаттары, 2010 жылы Анталия қаласындағы Бірінші Халықаралық жасөспірімдер туризм фестивалінің ұйым комитеті, 2010 жылы «Күншуақ KZ» қоғамдық қоры, 2006, 2007, 2008, 2009, 2010 жылдары «Білім және Карьера» Қазақстан Халықаралық көрмесінің дипломымен, 2010 «Зангар-тау» плюс» шығармашылық бірлестігі.
Tweet