50 жыл бойы оқу-білім саласында ұстаз болып жұмыс істеген Жалғасованың қалыптасқан өзіндік педагогикалық үлгі дәстүрі, мектебі бар. Оқушыларға сабақ берудің үздік методикалық тәжірибесі мен оларға сыныптан тыс тәрбие берудің белгілі бір жүйесі басқаларға үлгі-өнеге. Бұл жұмыстарды ұйымдастыруда көрнекілік, педагогика ғылымы саласындағы соңғы жетістіктерді ұстаз Р.Ж.Жалғасова. ұтымды пайдалана білді. Осыдан да болар оқушы-қауымның ана тіліне, әдебиетіне деген қызығушылығын әр сабақтан байқау қиын емес.
Ұстаз Р.Ж.Жалғасова қалалық мұғалімдер жетілдіру институтының семинарында талай ашық сабақтар беріп, өз тәжірибесін ортаға салып, әріптестерімен пікір алмасуды дәстүрге айналдырған. Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің маңызды мәселелерімен мектеп директорларының республикалық семинарларында, ата-аналар алдында лекциялар оқып кездесу өткізуде оның жұмыс кестесінен түскен емес.
«Алматы ақшамы» газеті ұйымдастырған үлкен пікір-алмасу бетінде де Р.Ж.Жалғасова ұстаз, тәрбиеші, методист-мұғалім ретінде де өзін көрсете білді. Р.Ж.Жалғасованың оқу-тәрбие жұмысына арналған республикалық басылымдарда біраз еңбектері жарық көрді.
Ғ.Мүсіреповтың романы бойынша «Жаңа достар» атты диафильм жазды. «Жастарға тәрбие беруде халықтық педагогиканың рөлі» атты жинағы, «Практикалық қазақ тілі» атты көмекші оқу құралы, оқулық орыс тілінде жүретін бөлімдерге арналған.
«Ұстаздық еткен жалықпас», «Қияға қызықтырып жетеледің...» атты жазған еңбектерінің жинағы мен «Өмір белестері» атты еңбегі баспадан жарық көрді.
Халық педагогикасының негізінде жастарды білімді ұлттық салт-сана, халық дәстүрінде тәрбиелеуде көп еңбек етіп келді.
Колледжде «Атамекен» бағдарламасының «Сөнбес жұлдыздар» бағыты бойынша қазақ халқының көрнекті қоғамдық саяси, өнер және мәдениет, халық ағарту қайраткерлерінің өмірлері мен қызметтерін терең зерттеп, олардың есімдерін топтарға таңдаулары бойынша беріп, олар туралы деректер жинап, кездесу кештерін өткізуде қала бойынша бағаланып, бүкіл республика бойынша білім беру саласында қолданыс тауып отырды.
Оқу-тәрбие жұмысында жинақтаған тәжірибелерін осы оқу орнында шығармашылық шабытпен уақыт талабының өзгерістеріне сай одан әрі жетілдіруде.
Жалғасованың ұстаздық өмір жолы мен тәжірибесі туралы республикалық басылымдарда жылы пікірлер жазылды. Атап айтқанда, «Жас алаш», «Халық кеңесі», «Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы», халықаралық «Үкілім-ай» журналы.
Р.Ж.Жалғасова оқу-тәрбие жұмысын қоғамдық жұмыстармен тығыз байланыстырып, қалалық «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі.
Р.Ж.Жалғасованың көп жылғы еңбегі ескеріліп, Қазақ ССР халыққа білім берудің үздігі значогы, «Еңбек ардагері», «Оқытушы-методист», «Ыбырай Алтынсарин» медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Tweet