RU
Абылай хан атындағы ХҚ және ӘТУ жанындағы Халықаралық Туризмнің Менеджмент колледжі
Қабылдау комиссиясы
+7 (727) 234-17-93
+7 (707) 256-35-51
+7 (727) 234-18-00

Директордың құттықтау сөзі

Жариялаған: КММТ 7 жыл бұрын 3678

Төреқұлов Талғар Талғатұлы      

        Құрметті шәкірттер, қадірменді ата-аналар! Ұстаз...Шәкірт...Ата-ана...Осынау үш ұғымның тоғысар жері – бала деген Тәңірдің  сыйың тәрбиелейтін, білім нәрімен сусындататын, қанатын қатайтып, тұлғалық қабілетін ашып, үлкен өмірге шыңдалып шымыр болуға тәрбиелеп өсіретін білім ордасы екені анық.Әр білім ордасының жүріп өткен жолы тұнып тұрған тарих. Алматы қаласындағы өнегелі тарихымын ерекешеленетін білім ордасының бірі - Халықаралық Туризмнің Менеджмент колледжі.

   1999 жылы Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ ректоры , академик, профессор С.С.Құнанбаеваның ұсынысы бойынша, «Темпус-Тасис», «ҚазТур», «Шелковый путь» Халықаралық бағдарламасы бойынша құрылған. Біздің колледж кәсіби білікті, заман талабына сай бәсекеге қабілетті шәкірттерді дайындап келеді. Осы жылдар ішінде 1000-нан астам жоғары білікті мамандар бітірді.

       Бүгінгі күні жақсы жабдықталған оқу аудиториялары, бірнеше компьютерлік сыныптар,интербелсенді тақталармен қатар  оқу залы және кітап қоры өте бай кітапхана жұмыс жасайды. Біздің колледж – шәкірттеріне сапалы білім берумен қатар қызықты студенттік өмір сыйлап келеді. Қызықты саяхаттар, көңілді демалыс, креативті интелектуалды ойындар мен қатар дәстүрге айналған колледж президентіне сайлау, үздік студенттер ұйымы жұмыс жасайды.

        Өндірістік тәжірибе барысы Алматы қаласындағы заманауи тур агенттерде, қонақ үй кешендерінде, ресторандарда, бизнес отелдерде, ірі компанияларда қарастырылған.Шетелдік бірнеше ірі компаниялармен достық қарым қатынас жасап келеміз.Біз студенттердің талантын дамыту үшін, тұлға болып қалыптасуына өз үлесімізді қосуға әр кезде дайынбыз. Біз шәкірттерміздің арасындағы достық қарым – қатынасты нығайтып, бір шаңырақ астында өсіп өнуіне, қоғамға пайдасын тигізуге тәрбиелейміз.

        Болашағын жарқын болсың десен бізге кел ТАЛАПКЕР!